Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мырзағали Айтжанов Қазақстан құрамасының жаңа тізімін қалай жасақтағанын айтып берді

Келесі жылы біздің құраманың басты бәсекесі Азия ойындары болмақ.


Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына Ұлттық құрамадағы өзгерістер туралы айтып берді. 

2018 жылы Қазақстан құрамасы бірнеше турнирлерде бақтарын сынайды. Ал біздің боксшылар үшін басты бәсеке - Индонезияда өтетін Азия ойындары болмақ. Ал ұлттық құрама сапында бірнеше өзгерістер бар. Оның бастысы - Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің қайта оралуы болды. 

- Команда әлем чемпионатының және Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша жасақталып отыр. Бірақ тізімде бірінші тұрған боксшылар Азия ойындарына барады деген сөз емес. Алда әлі біраз жарыстар болады. ОЛ жерге барлық жігіттерді әлі тексереміз. Халықаралық турнирлерде кім өзін жақсы қырынан көрсетсе, сол жігіттер Азия ойындарына барады, - дейді Айтжанов. 

- Құрама қатарына бірнеше тәжірибелі ардагер боксшылар еніпті. Ол туралы не дейсіз?

- Құрама қатарына қосылған боксшыларды ардагерлер деп айтуға келмейді. 60 келі салмақта өнер көрсететін Әбдірахманов пен Сафиуллин 1986 жылы туылған. Бірақ олар өздерін шынымен мықты екенін дәлелдеді. Қазақстан біріншілігінің финалына шықты. 1989 жылы дүниеге келген Әділбек Ниязымбетов болса Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. 

Қазір AIBA әуесқой бокста спортшыларды 40 жасқа дейін өнер көрсете беруіне мүмкіндік берді. Шаршы алаңды кім өзін мықты қырынан көрсетсе, біз оларды мүмкіндік береміз. Сіздер ардагер деп тұрған боксшылардың барлығы қазір демалысқа кеткен. 

- Келесі оқу-жаттығу жиындары қашан өтеді?

- Жалпы физикалық дайындықты қалыпқа келтіру жұмыстары 5 қаңтар күні Бүкіләлемдік бокс академиясында өтеді. Барлық боксшылар жиналады. "Астана арландары" сапында болатын жігіттер де. 

2018 жылы үш басты бәсеке бар. Алдымен маусымды "арландар" бастаса, кейін Ұлттық құрама бәскеге кіріседі. 






  Пікір: 0
  0