auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жанкүйерлеріме қазақ екенімді айтқым келеді - Садриддин Ахмедов

Жанкүйерлеріме қазақ екенімді айтқым келеді - Садриддин Ахмедов
©vk.me
Садриддин Ахмедов – қазақ боксындағы ең жас есімдердің бірі. Былтыр Санкт-Петербургте жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 69 келіде чемпион атанған жас талант. Жастар арасында Қазақстанның 4 дүркін чемпионы. Осылайша білікті мамандардың көзіне түскен жас боксшы биыл ересектер құрамасына ауысты. Жуырда жаңа құрамда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп келген Садриддин Ахмедовпен Egemen.kz тілшісіне сұхбаттасудың сәті түскен еді.
 
- Садриддин, сұхбатымызға кіріспей тұрып, оқырмандарға өзіңді таныстырып өтші? Сұхбат алардан бұрын өзің туралы мәліметтерді интернеттен іздей бастап едім, мардымды ақпарат таба алмадым. Өзің және отбасың туралы толық айтып берсең. Әлеуметтік желіде сенің ұлтыңды өзбек деп те жатады. Бұған не айтасың?

- Мен 1998 жылдың 31 қаңтарында ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында қарапайым қазақ отбасында дүниеге келдім. Үйде 5 ағайындымыз. 3 әпкем бар, барлығы қазір тұрмыста. Және бір қарындасым бар. Төрт қыздың арасында өскен жалғыз ұлмын. 7 жасымда отбасыммен Астана қаласына көшіп келдік. Бокстың қыр-сырын меңгеруді, әліппесін оқуды да осы елордамызда бастадым. Ұлтыма келер болсам, менің әкем де, анам да – Қазақ. Жанкүйерлеріме, жалпы қазақ еліне өзімнің "қазақ" екенімді айтқым келеді. Менің өзбекке ешқандай қатысым жоқ. Егер есіміме байланысты айтып жатса, Садриддин деп атымды әкемнің туған қарындасы қойған. Құраннан алынған есім. Қазақшаға аударғанда – "Ислам дінінің мақтанышы" деген мағынаны білдіреді.



- Жауап оқырмандарға түсінікті болды деп ойлаймын. Енді бокс тақырыбына ауысайық. Жастар арасында өзің жеңімпаз атанған әлем чемпионатына оралсақ. Жеңіске жету оңай болмағанын білеміз. Өзіңді қалай жігерлендірдің? Чемпионат алдында қарсыластарыңның аяқ алысы, әлеуеті туралы білдің бе?

- Әлем чемпионатына қатысатынымды білген сәттен ерекше дайындыққа кірістім. Қарсыластарымның бәріне шама келгенше дайындалдым. Соның ішінде ежелгі қарсыласым, өзбекстандық боксшыға ерекше дайындалдым. Одан кейін, кубалық және венгриялық боксшылардың бұрынғы кездесулерін бейнежазбалардан қарап, зерттедім.

Жеребе қиындау болды. Алғашқы кездесуде жарыс қожайыны, өте тәжірибелі ресейлік боксшыға түстім. Жеке бапкерім екеуіміз оған қарсы дайындық жасадық. Видеоларын қарап, осал тұстарын табуға тырыстық. Нәтижесі де жаман болған жоқ.

- Екінші кездесуде литвалық боксшыны бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберіп, жекпе-жек ерте аяқталды. Ал өзбек боксшысымен кездесуде қандай тактика ұстандың?

- Бапкерлерім Ұлықбек Собировпен жақын қашықтықта жұдырықтасу керектігін айтты. Өзіме ол салмақ қуып, шаршаған сияқты болып көрінді. Қарсыласымның осал тұсын пайдаланып, бірінші нөмірмен жұдырықтастым. Алғашқы раундта оны барынша шаршатып алу керек болды. Чемпионат басталмай тұрып ішкі түйсігімде осы боксшымен шығып қалам-ау деген ой болды. Өйткені, Ұлықбекте кеткен есем бар еді. 2015 жылы кездесіп, жеңіліп қалған едім. Ол кезде енді 69 келіге ауысып, жаңа салмаққа бой үйретіп жүрген кезім. Басты мақсат қарымта қайтару болды. Одан бөлек, естеріңізде болар, Рио олимпиадасынан кейін қазақстандық боксшылар, өзбек боксшыларынан төмен нәтиже көрсетті деп, жанкүйерлер тарапынан үлкен сынға ұшыраған еді. Ойымда сол бір өкінішті жанкүйерлерге бір сәтке болсын ұмыттырып, қалай да жеңіске жетуім керек болды.



-  Ширек финалда ұзын бойлы қырғыз қарсыласыңмен де жақын қашықтықта ұрыс салдың. Бірақ, өзбек боксшысына қарсы өткен жекпе-жектен, қырғызбен болған кездесу оңай болған сияқты. Кездесу туралы ойың қандай?

-  Қырғыз да чемпионатқа жақсы дайындықпен келген екен. Жақсы нәтиже көрсетіп келе жатты. Екеуміздің жолымыз ширек финалда түйісіп, нәтижесінде жеңіске жеттім. Бұл боксшымен де жақын қашықтықтан жұдырықтасуға тырыстым. Оған да өзбекке қолданған тактиканы қолдандым, ішінен көп соққы жасадым. Ол шынын айтқанда ондай соққыларға шыдай алмады. Нақтырақ айтсам, кездесуде бірінші нөмірмен жұдырықтасып, қарсыласымды «сындырып» тастау керек болды ғой (күледі).


- Жалпы, ұзын бойлы боксшымен жұдырықтасу саған ыңғайсыз сияқты. Мұны әлем чемпионатының жартылай финалында ағылшынмен өткізген кездесуде де көргендей болдық.

- Дұрыс айтасыз. Маған бойы ұзын қарсыластармен жұдырықтасу қиынға соғады. Бірақ бірте-бірте үйреніп келе жатырмын. Алда болашақ қарсыластарымның да бойы ұзын екенін ескеріп, оларға әдейі дайындалып жатырмын.

- Жуырда бокстан ересектер құрамасына ауысып, алғашқы оқу-жаттығуына қатысып келдің. Әсерің қандай? Ересектер арасында бақ сынауға дайынсың ба?

- Бәрі ойдағыдай өтті. Жаттығуда аздап ерекшеліктер бар екенін байқадым. Барынша көп еңбектеніп, жақсы дайындалу қажет. Ұлттық құрама мүшелері жақсы қабылдады, ақыл-кеңестерін айтып тұрды. Тез сіңісіп кеттім. Ересектер арасындағы жекпе-жектерге толық дайынмын деп есептеймін.

- Сенің салмағыңда қазақ боксшылары ірі жарыстардан жүлдесіз оралмаған. 69 килоны "қазақ салмағы" деп жүрміз. Енді ұлттық құрамада жауапкершіліктің ауырлығын сезінбейсің бе?

- Бұл салмақтың жауапкершілігі өте жоғары екенін білемін және түсінемін. Осы салмақта алдыңғы ағаларымның жақсы дәстүрін жалғастырсам деймін. Сол үшін еңбек етіп жатырмын. Басты мақсатым – 69 килода ересектер арасындағы әлем және олимпиада чемпионы атану.

- Құраманың осы салмақтағы мүшелері Абылайхан Жүсіпов пен Илья Очкин туралы не айтасың? Қарым-қатынастарың қалай?

- Олар да 69 килоның жүгін көтере алатын мықты, нәтижелері де жаман емес. Абылайхан биыл ел чемпионы атанса, Илия Очкин жүлдегер болды. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Олармен жарыстарда әлі кездеспегенмін. Алдағы уақыттағы турнирлерде кездесіп жатсам, оларды жеңіп, 69 килода құраманың бірінші нөмірдегі боксшысы боламын деген ойдамын. Осы мақсатқа жету жолында жеке бапкеріммен бірге еңбектену үстіндемін. Бірақ кімнің мықты екенін уақыт көрсетеді.



- Оқу-жаттығу жиынында Абылайханмен спарринг өткіздің бе? Оның мүмкіндіктерін қалай бағалайсың?

- Спарринг жасап көрмедік. Бірақ келесі оқу-жаттығу жиынында өткізіп қалуым мүмкін.

- Қалыпты салмағың қандай? Алдағы уақытта салмақ қосу ойыңда жоқ па?

— Әр кезде әртүрлі. Кейде, 71-72, кейде 74 келіге шығып кетемін. Салмақ қосу ойда жоқ. Олимпиадаға "қазақтың салмағында" барып, ағаларымның жолын жалғап, чемпион атанғым келеді.

- Бокс мамандары сенің бокстасу тәсілің кәсіпқой боксшыларға келеді деп жүр. Кәсіпқойға ауысу туралы ойларың бар ма?

- Кәсіпқой боксты жақсы көремін. Бірақ әуесқой бокста жетпеген жетістіктерім, бағындырмаған биіктерім көп. Құдай қаласа, Токио Олимпиадасына ілінсем, одан кейін кәсіпқой боксқа ауыссам ба деп те ойлаймын. АҚШ-та тұрып жатқан Василий Жиров ағамыздан ұсыныс та келді. Бірақ ұлы мақсатым Олимпиадаға қатысып, чемпион атану болғандықтан, бас тарттым.

- Бокстағы кумирің кім? Қай боксшыларды үлгі тұтасың?

- Кәсіпқой боксты көп қараймын, бірақ дәл мына боксшы сияқты болғым келеді, ұқсағым деп ешкімді айта алмаймын. Кумирім де жоқ. Ешкімге ұқсамайтын, өзіндік ерекше стилі бар атақты боксшы болғым келеді.

Сұхбаттасқан Әли Битөре
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама