Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпоны америкалық Пол Малиньяджи орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қара күшпен кез келген қателікті жуып-шаюға болады. Тек бір ғана жойқын соққы жеткілікті. Головкин тек қана жойқын соққының иесі ғана емес. Қара күш оның біліктігін одан сайын арттыра түседі", - деп жазды Малиньяджи өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесінде қарсыластарының басым бөлігін нокаутпен жеңгені үшін Гиннес рекордтар Кітабына енген болатын.
Жарнама