Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Cерік Сәпиев ел чемпионатында ерекше көзге түскен үш боксшының есімін атады

Бокстан ХХV ел чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті.


ҚБФ
ҚБФ
Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев Шымкентте өткен ел чемпионатында ерекше шеберлігімен көзге түскен үш боксшының есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

- Маған кімдердің жекпе-жегі ұнады дейсіз бе? Олар – Олжас Байниязов, Асланбек Шымбергенов және Әділбек Ниязымбетов. Бәрі де жақсы жұдырықтасты. Бірақ үшеуін ерекше атап өтуге болады, - деді Серік Сәпиев.

Ал жас боксшылар арасында Санатәлі Төлтаевтың жұдырықтасуын жоғары бағалады.

Айта кетейік, бокстан ХХV ел чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары бірінші орын алды. Олар 3 алтын 2 күміс 3 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Маңғыстау облысының боксшылары ие болса, үштікті Жамбыл облысының боксшылары түйіндеді. Жеңімпаз атанған боксшылар жайлы мына сілтеме арқылы толық біле аласыздар.
  Пікір: 0
  0