Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстан біріншілігіне кіл мықты боксшылар қатысады

Тіпті Қайрат Ералиев пен Гамбургте өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен боксшылар да.


Қазақстан бокс федерациясы Шымкентте өтетін бокстан Қазақстан біріншілігіне кіл мықты боксшыларды қатыстыруға ниетті. Тіпті бұл біріншілікте Гамбурге өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Қайрат Ерәлиев пен басқа да жүлдегерлер бақтарын сынайды. Олар қазіргі уақытта демалыстарын аяқтап, жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚФБ хабарлайды. 

Ішкі біріншіліктте еліміздің барлық мықты деген боксшыларды қатыстыру туралы шешім маусым айында қабылданып қойған. Бүгін федерацияның жиналысында тағы бір нақтыланды. 

"Біз Шымкентте өтетін Қазақстан біріншілігіне барлық боксшыларды қатыстыруды жөн санадық. Тіпті Гамбургте өткен әлем чемпионатында бақтарын сынаған боксшыларды да. Гамбургте боксшыларымыздың ешқайсысы ауыр жарақат алған жоқ. Боксшылардың барлығы да демалып болды. Ал Қазақстан чемпионаты - облыстар үшін Ұлттық құрама үшін де маңызды бәсеке. Өйткені, құрама осы ішкі біріншіліктің қорытындысы бойынша жасақталады. Сондықтан боксшылар мықтылықтарын осы біріншілікте дәлелдеулері керек. Боксшы жанкүйерлерін қызықты бәсекелер күтіп тұр", - дейді бұл мәселеге қатысты мемлекеттік бапкер Болат Әбдірахманов. 

Еске салайық, бокстан Қазақстан біріншілігі биыл 5 қараша күні Шымкентте бсталады. Ал финалдық кездесулер 12 қараша күні өтеді. 




  Пікір: 0
  0