auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі

Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі
видеодан үзінді

Астанада төрешіні сабаған боксшы мен бапкер шеттетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Бокс федерациясының өкілдеріне сілтеме жасап.

"22 қыркүйекте Астанада Қазақстан бокс федерациясының Кубогының ширек финалында Астана өкілі Рахат Маржықпаев пен Аман Қазанғаповтың кездесуінің қорытындысында жеңіс соңғысына берілді. Бұл шешім елордалық спортшының бапкерінің көңілінен шықпай қалса керек, ол рингтен шығып, рефериге ішіне және басына соққы жасады. Төреші Амангелді Ақшолақов жауап берді, кейін жеңіліп қалған спортшының өзі жүгіріп келіп, төрешіге қос соққы жасады. Осыдан кейін оларды ажыратты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы жекпе-жекте төрелік еткен Амангелді Ақшолақовтың 28 жылдық тәжірибесі бар маман екені және AIBA жоғары категориясының иегері екендігі айтылады. Оның үстіне өзі де бұрынғы боксшы екен - Еуропа чемпионатының жүлдегері және Кеңес Одағының 1984 жылғы чемпионы.

"Шынымды айтсам, бұлай болады деп күтпедім. Өмірімде мұндай бірінші рет болып отыр, - дейді Ақшолақов. - Бұл жанжал бапкердің өз шәкіртінің екінші нокдаунын байқамағанынан шықты, сосын ол спортшыны қасақана жеңіліске ұшыратты деп ойлалы. Кейін бапкер келіп, кешірім сұрады. Адам ретінде оны түсінемін. Бірақ, әрине, мұндай жағдайлар жазасыз қалмауы тиіс".

"Астана мен Жамбыл облысы командаларының кездесуінде болған оқиға назарсыз қалмайды", - деп мәлімдеді ҚБФ Қазақстанда жарыс өткізу жөніндегі координаторы Болат Әбдірахманов.

Әбдірахманов оқиғаның толықтай зерттелетінін айтты. "Бапкер де, спортшы да шеттетіледі, - деді Әбдірахманов. - Олардың нақты қандай мерзімге дейін шеттетілетінін бапкерлер кеңесі мен атқарушы комитет бюросы шешеді. Қандай жағдай болса да, өзгелерге сабақ болатындай жаза шығарамыз".



Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясының Астанада өткен Кубогында жекпе-жек даумен аяқталған еді. Оқиға турнирдің ширек финалында болған. Жамбыл облысының тумасы Аман Қазанғапов пен жасөспірімдер арасындағы елордалық әлем чемпионы Рахат Маржықпаевтың кездесуі аяқталғаннан кейін соңғысының бапкері рефериге жақындап келіп, наразылығын айта бастайды, ал кейін ішінен, басынан соққы жасайды. Артынша төрешінің де жұдырық сермегенін байқауға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама