Әуесқой бокс
2 қыркүйек 2017 01:20
 
741

Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының финалына шықты Данияр Майлыбаев

Бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына үшінші боксшымыз шықты. Ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда камерундық Арсен Фокуды жеңді.

Қамшыбек үш раундта да қарсыласына басымдығын таныта білді. Төрешілер бірауыздан (5:0 есебімен) жеңісті қазақ боксшысына берді.

Финалда қазақ боксшысы әзірбайжандық Магомедрасул Меджиовпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына Қамшыбектен өзге Қайрат Ералиев (56 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шыққан болатын. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды.

blog.share
Бокстан Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына үшінші боксшымыз шықты. Ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда камерундық
Арсен Фокуды жеңді.

Қамшыбек үш раундта да қарсыласына басымдығын таныта білді. Төрешілер бірауыздан (5:0 есебімен) жеңісті қазақ боксшысына берді.

Финалда қазақ боксшысы әзірбайжандық Магомедрасул Меджиовпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына Қамшыбектен өзге Қайрат Ералиев (56 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шыққан болатын. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды.

Жарнама

Живи спортом!