Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

ӘЧ-2017. Абылайхан жарақатпен шығып жеңіске жетті

Ширек финалда венесуэлалық боксшы Габриэль Маестро Пересті жарыс жолынан шығарды.


Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты. Ширек финалда венесуэлалық боксшы Габриэль Маестро Пересті жарыс жолынан шығарды.

Абылайхан бұл жекпе-жекке жарақатпен шықты. Бірінші раундта қарсыласын бақылауда ұстап, бар шеберлігін танытты. Екінші раундта жарақатына соққы тиіп, қабағынан қан ақса да, жекпе-жекті соңына дейін жалғастырды. Төрешілер шешімі бойынша отандасымыз 3-1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Айта кетейік, осыған дейін Жомарт Ержан, Қайрат Ералиев, Әбілхан Аманқұл және Василий Левит жартылай финалға шыққан еді.
  Пікір: 0
  0