Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Әбілхан Аманқұл жартылай финалға шықты. Отандасымыз Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті жеңді.
Бірінші раундта боксшылар бір-бірінің қателігін күтіп, бақылаумен өткізді. Жылдам белсенділік танытып, шабуылға шығуға асықпады. Екінші раундта тәжірибелі кубалық боксшы басымдығын танытып шықты. Үшінші раундта Әбілханның басымдығы байқалып, жеңіске бастар жолды таба білді.
Қос боксшы осы жылдың өзінде екінші рет шаршы алаңда жолықты. Шілде айында Астанада өткен WSB жобасының финалында "Бостандық аралының" боксшысына жол беріп алған еді. Сол есесін бүгін әлем чемпионатында қайтарды.
Әбілхан Аманқұл келесі кездесуінде әзірбайжандық Камран Шахсуварулымен жұдырықтасады. Кезінде қазақ елінің атынан жарыстарға қатысқан боксшы кейіннен Әзірбайжан еліне кеткен. 2016 жылы Рио Олимпиадасының ширек финалында Жәнібек Әлімханұлын жарыс жолынан шығарған болатын.
Айта кетейік, осыған дейін Жомарт Ержан мен Қайрат Ералиев жартылай финалға шыққан еді.
Жарнама