Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

ӘЧ-2017. Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда өзбек боксшысымен жұдырықтасады

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов бір-бірінің қыр-сырын жақсы білетін боксшылар.


Данияр Майлыбаев
Данияр Майлыбаев
91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев Гамбургтегі әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегінде Қамшыбек қамшы салдырмады. Шаршы алаң иесі Макс Келлерді 5:0 есебімен айқын жеңді. Енді ширек финалда өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов бір-бірінің қыр-сырын жақсы білетін боксшылар. Биылдың өзінде екі рет шаршы алаңда кездесіп үлгерді. WSB жобасы аясындағы жекпе-жекте (ақпан айында) Қамшыбек жеңсе, Ташкенттегі Азия чемпионатында Баходир басым түскен еді. Ал бірер жыл бұрын Болгариядағы "Strandja" халықаралық турнирінің финалында отандасымыз өзбек боксшысын нокаутпен ұтқан болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Жомарт Ержан (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Әбілхан Аманқұл (75 кел) мен Василий Левит (-91 келі) әлем чемпионатының ширек финалына шыққан еді.
  Пікір: 0
  0