Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері
Василий Левит Гамбургтегі әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Жарыстағы бірінші жекпе-жегінде бразилиялық боксшы
Жоан Гонсалвешті айқын жеңді.
91 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз бразилиялық боксшыдан сенімді түрде айласын асырды. Қабағы жарылған Жуан дәрігерлерден бірнеше рет көмек те алды. Төрешілер 5:0 (30:26, 30:27, 30:27, 30:27, 30:27) есебімен Василийді жеңімпаз ретінде таныды.
Қазақстандық боксшы келесі кездесуін аустралиялық
Джейсон Уотлиге қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 29 тамызға жоспарланған.
64 келіге дейінгі салмақта
Бекдәулет Ибрагимов Еуропа чемпионы атағына ие армян боксшысы
Ованес Бочковқа жол беріп, жарысты аяқтады. Төрешілер 3:2 есебімен Бекдәулеттің қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.
Бүгін шаршы алаңға үші боксшымыз шығады. Күндізгі сессияда 69 келіге дейінгі салмақта
Абылайхан Жүсіпов италиялық
Винченцо Манджакапремен,
Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) неміс
Макс Келлермен жұдырықтасады. Кешкі сессияда 841 келіге дейінгі салмақта
Ерік Әлжанов Аустралия елінің былғары қолғап шебері
Клэй Уотерманмен шеберлік сынасатын болады.
Жарнама