auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды

Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды
Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының бокстан барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекесі өз мәресіне жетті.

Ерлер арасындағы 75 кг салмақта Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаң және Шыңжаң автономиялық өлкесінің боксшысы, ұлты қазақ Тоқтарбек Таңлатханұлы қолғап түйістірді.

Ақтық бәсекені Қытайдың орталық телеарнасы CCTV-5 спорттық каналы тікелей эфирде көрсетті. 5 раундқа созылған жекпе-жекте Тоқтарбек қарсыласына жойқын соққыларын дәл тигізіп, айқын басымдылық көрсеткендігін байқауға болады. Қытайлық коментаторлар Тоқтарбекті «айқын басымдылықпен жеңіске жетті» -, деген қорытынды жасаған тұста, төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Вэн Инхаңға берді.



Төрешінің ашық әділетсіздігіне қытайлық бокс жанкүйерлері өз наразылығын білдірді. Олардың басты ұстанымы басқа ұлттардың спорттағы жетістігін қақпайламай, олардың Қытай боксының дамуына қосқан үлестерін бағалау керек екенін айтуда. Ал шыңжаңдық жанкүйерлер бұл жәйт Шыңжаң спортшылары үшін қалыпты жағдай екенін білдірді.

Айта кетейік, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі ұйғыр, қазақ және басқа 13 ұлттар мекен етіп отырған жер. Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осы өңірдің қазақтар шоғырланған Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келіп, жастайынан Шыңжаң бокс құрамасы сапында өнер көрсеткен. Бүл күнде Шыңжаң боксшылары Қытай атынан халықаралық бәсекелерде және Олимпиада ойындарында топ жарып келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама