auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бекдәулет Ибрагимов қарсыласын нокдаунға түсіріп Азия чемпионатының екінші кезеңіне шықты

Бекдәулет Ибрагимов қарсыласын нокдаунға түсіріп Азия чемпионатының екінші кезеңіне шықты
©Жігер Абенов
64 келіге дейін салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекдәулет Ибрагимов Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші айналымында қарсыласын нокдаунға түсіріп, турнирдің екінші айналымына шықты, деп сүйінші сұрайды Vesti.kz порталы. 

Отандасымыз Азия чемпионатының бірінші айналымында малайзиялық Хир Азмимен кездескен еді. Екі боксшы арасындағы кездесудің бірінші раундты тең дәрежеде өткен еді. Екінші раунда Ибрагимов қарсыласын нокдаунға түсірген болатын. Дегенмен қарсылас жекпе-жектің соңына дейін шыдады. Кездесудің қорытындысы бойынша Ибрагимов төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Келесі айналымда Ибрагимов иорданиялық Обад Алкасбехпен кездеседі. Жекпе-жек ертең, 1 мамыр күні өтеді. 

Ташкенттегі Азия чемпионатына 29 елден 200-ге тарта боксшы қатысады. Қытай, Үндістан, Иран, Йордания, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Пәкістан, Шри-Ланка, Тәжікстан, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары толық құрамда (10 боксшыдан) қатысады.

Осы жылғы Азия чемпионатына Біріккен Араб Әмірлігінің боксшылары алғаш рет қатыспақ. Сондай-ақ 2002 жылдан бұл жарысқа қатыспай кеткен Сингапур елінің боксшылары да Ташкент төрінде жүлдеге таласатын болады.

Бүгін басталатын Азия чемпионатында Гамбургте (Германия) өтетін әлем чемпионатына 60 жолдама беріледі. Яғни, әр салмақта үздік алтылыққа енген боксшылар ие болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама