auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Үш қазақ боксшысы Тайландтағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Үш қазақ боксшысы Тайландтағы халықаралық турнирдің жартылай финалына  шықты
dodasport.kz
Бокстан Бангкокта өтіп жатқан "Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017" халықаралық турнирінің жартылай финалына үш қазақ боксшысы шықты. Ширек финалда үш боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Тайланд төріндегі додаға еліміздің атынан жеті боксшы аттанған еді. Оның алтауы ширек финалға шыққанын осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Бүгін ширек финалдағы кездесулер өтіп,  үш боксшымыз жартылай финалға шықты.

52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов аустралиялық боксшы Джек Боуэнді ұтты. 75 келіге дейінгі салмақта Садриддин Ахмедов шаршы алаң иесі Саесита Апичетаны жеңді. Ұлттық құрама сапында үшінші болып жартылай финалға Ерік Әлжанов (-75 келі) жолдама алды. Ол да ширек финалда тайландтық боксшы Фромтай Наттанфонды басым түсті.

Бірінші кездесулерінде жеңіске жеткен Нұрбол Қалжанов (-56 келі) кәріс Ху Нам Жоға, Сұлтан Зауырбек (-60 келі) кубалық Палмер Каррион Дариевскиге, Қуан Қуатов (-64 келі) үндістандық Токас Рохитке ұтылды.

Жартылай финалға шыққан қазақ боксшылары өз жекпе-жектерін ертең өткізеді. Қарсыластары төмендегідей:

52 келіге дейінгі салмақта - Азат Махметов - Залдивар Сантистеба Франк (Куба);
69 келіге дейінгі салмақта - Садриддин Ахмедов - Жоэль Бахо (Филиппин);
75 келіге дейінгі салмақта - Ерік Әлжанов - Иглесиас Эстрада Ослей (Куба).
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама