auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ боксшылары екі бірдей халықаралық турнирде бақ сынауда

Қазақ боксшылары екі бірдей халықаралық турнирде бақ сынауда
kfb.kz
Қазақ боксшылары екі бірдей халықаралық турнирге қатысып жатыр. Оның бірі – Галледегі (Германия) "Chemistry Cup" додасы болса, екіншісі – Бакудегі (Әзірбайжан) "Ұлы Жібек жолы" турнирі.

"Кіші әлем чемпионаты" саналатын Галледегі халықаралық турнирге Қазақстан құрамасы сапында 10 боксшы қатысуда. Олар жарысты бастап та кетті.

Қайрат Ералиев алғашқы жекпе-жегінде украиналық Владислав Веточкинді ұтты. 69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов нидерланд боксшысы Джеймс Деланоны, Әбілхан Аманқұл неміс боксшысы Артур Оганянды 5:0 есебімен айқын жеңді.

"Chemistry Cup" турнирінде бүгін тағы үш боксшымыз шаршы алаңға шығады. 64 келіге дейінгі салмақта Бекдәулет Ибрагимов монаколық боксшы Микаллеф Хугомен жолығады. 81 келіге дейінгі салмақта Әділбек Ниязымбетов неміс боксшысы Абдулрахман Абу-Людбехпен жұдырықтасады. 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қонқабаев 1/8 кездесулерде америкалық Соломон Никосимен қолғап түйістіреді.

Ертең 49 келіде Ержан Жомарт 1/4 финалда эквадорлық Карлос Кипомен, 52 келіде Азамат Исақұлов америкалық Гильберт Ринтериамен (жартылай финал), 60 келіде Әділет Құрметов 1/4 финалда америкалық Деланте Джонсонмен, 91 келіде Василий Левит украиналық Константин Пинчукпен (1/4 финал) жұдырықтасады.

Галледегі "кіші әлем чемпионатына" 13 елден 75 боксшы қатысуда.

Бакудегі "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турниріне қазақ боксшыларын жаттықтырушылар Азамат Мақажанов пен Александр Стрельников бастап кетті. Бұл жарысқа 6 боксшы қатысады. Атап айтар болсақ, Асхат Жүсіпов (49 келі), Олжас Байниязов (52 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Аян Қалыбеков (64 келі), Илья Очкин (69 келі) мен Бек Нұрмағамбет (81 келі) ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, 16-19 наурыз аралығында қазақ боксшылары кезекті бір халықаралық турнирге қатысады. Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде «GeeBee» халықаралық турнирі өтеді. Бұл жарыста еліміздің намысын 5 боксшы қорғайды. Атап айтар болсақ, Нұрбол Қалжанов (56 келі), Садриддин Ахмедов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Нұрлан Сапарбай (91 келі) жарыс жолына шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама